23 жастағы екі жігіт Согра шағын ауданындағы Үлбі өзеніне барып, суға түскен. Екеуі де суға батып кетті.
Бір адамның мәйіті табылды. Ал екіншісінің денесін іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
– Құтқарушылар суға батқан 2003 жылғы ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Іздеуге сүңгуірлер мен дрондар жұмылдырылды, - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Осы ретте, құтқарушылар өңір тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлінде ер адамның суға батып кеткені хабарланған.