Ал өткен жылдың бүкіл қысқы мезгілінің ішінде қаладан шамамен 90 мың текше метр қар шығарылған болатын. Бұл сандарды өзінің қорытынды есеп беру кездесуінің барысында Өскемен әкімі Серік Тәукебаев айтты.
Қала басшысы әкімдік қаланың тасқын су ағатын арнасының жаңартылған жалпы кестесін дайындап отырғанын хабарлады - бірқатар проблемалық шағынаудандарда су ағатын кәрізді жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалады. Бұдан басқа,ол қалаға бюджеттен «шаруашылық проблемаларды» жоюға 380 млн. теңге бөлінгенін жеткізді. «Көктемде бәрін көріп, қыстан кейін қай жерде, нені қалпына келтіру керектігін қараймыз», - деп атап өтті С.Тәукебаев.