ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласындағы «Кактус» дәмханасының маңындағы жаяу жүргіншілер жолында Тойота-Камри автокөлігінің жүргізуші екі қызды қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қалалық ІІБ-ның мәліметінше, ауруханаға жеткізілген қыздардың жасы 13 және 15-те. Жол-көлік оқиғасы кешке қарай болған. Тәуелсіздік даңғылының бойымен қозғалып бара жатқан көліктің 39 жасар жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолында қыздарға жол бермей, өтіп кеткен.
«Жүргізуші сау болған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деді Өскемен ІІБ-ының баспасөз қызметі.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.