ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 ақпан күні Өскеменде көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен 1-2 колледж студенттеріне сабақ болмайды.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін таңертең облыстық білім басқармасы Семей мен Өскеменде көктайғаққа байланысты 1 ауысымдағы мектеп оқушыларына сабақ болмайтынын мәлім еткен еді .
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.