«Олар Отан үшін күресті» экспозициясына шығысқазақстандық майдангерлердің марапаттары, құжаттары, жеке заттары қойылды. Көрме жәдігерлеріне қойылған әр заттың өзіндік тарихы бар, олардың артында адамдардың тағдыры жатыр. Оған сарбаздардың ;азған хаттары, Р. Ахметовтың әскери билеті, С.Қазбаевтың қызылармиялық кітабы, Д. Доценконың грамотасы дәлел бола алады.
Сондай-ақ, көрмеге соғыс кезіндегі суреттер мен кітаптар қойылған.