Төтенше жағдайлар басқармасына жұмыс жүргізу кезінде экскаватор жанып кеткені хабарланған. Жүргізуші өрт сөндіргіштің көмегімен жалынды өз бетінше өшіруге тырысқан. Бірақ тілсіз жауды өшіре алмай, өрт сөндірушілерді шақырған. Олар 4 шаршы метр аумаққа таралған өртті сөндірген.
Мамандардың айтуынша, өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз пайдалану. Оқиғадана ешкім з ардап шекпеді.
Автор: Орал Ерланулы