Өскеменде ең үздік мұражай анықталды
17:17, 13 Наурыз 2009
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Өскеменде кәсіпорындар, мекемелер және оқу орындары мұражайлары байқау аяқталды.
Дәстүрлі байқау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, білім беру, ішкі саясат бөлімдерінің, Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің бастамасымен өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Байқаудың басты мақсаты ? Шығыс Қазақстан облысы мен Өскеменнің мәдени-тарихи ескерткіштерін сақтау және зерттеу, зерттеушілер мен экскурсия қызметкерлерінің шығармашылық қабілеттерін одан әрі дамыту, партиоттық сезімге және дәстүрге, әдет-ғұрыпқа тәрбиелеу.Байқауға облыс орталығындағы кәсіпорындардың, мекемелердің және оқу орындарының ұжымдары, сондай-ақ, зерттеушілер мен экскурсия қызметкерлері және экспозиция қоюшылар қатысты.Байқау жеңімпаздары мұражайдың төрт тобы бойынша анықталды: орта білім беру мектептері, жоғары оқу орындары, орта арнайы білім беру орындары және кәсіпорындар. Нәтижесінде, бірінші орын №13-ші орта мектепке, С.Аманжолов атындағы мемлекеттік университетке, экономика және қаржы колледжіне және «Өскемен металлургия зауыты» акционерлік қоғамына берілді.