Өскеменде ең жоғары ауаның ластануы тіркелді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы күндері  Өскеменде ауаның зиянды заттармен ластануының ең жоғары деңгейі тіркеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы 31 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында Өскемен қаласы ауасының зиянды заттардың рұқсат етілген шекті деңгейінен асып кеткендігін тіркеді«, - делінген жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, көміртектің тотығуы 1,8-ге, азот диоксиді 1,6-ға, күкірт диоксиді 5,7-ге, күкіртті сутек 20,4-ке дейін жеткен.

Сонымен қатар таратылған ақпаратта 3-9 қаңтар аралығында облыс орталығында, Риддер қаласында және Жаңа Бұқтырма ауылында ауа температурасы төмендейтіндігі айтылған.