Өскемен қаласында ер адам көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті, деп хабарлайды Kazinform.
Оқыс оқиға 15 қараша күні қаладағы Шәкәрім даңғылында болған.
Асфальт үстінде қимыл-қозғалыссыз жатқан ер адамды байқаған куәгерлер полицияға хабар берді.
Алдын ала дерек бойынша, азамат екіқабатты тұрғын үйдің шатырында өлшеу жүргізіп жатқанда абайсызда құлап кеткен.
«Қазіргі уақытта бұл дерек белгіленген тәртіппен тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады. 31 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.