Белгілі болғандай, полицияға үй тұрғындары телефон шалып, қаланың Славский атындағы жағалаудағы үйдің 12-ші қабатындағы терезесінен ер адамның құлағанын хабарлады.
Оқиға орнына келіп жеткен тергеу-жедел тобы терезеден құдаған ер адамның облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Аталған факт тот алдындағы тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлімі бойнша тіркелген.
Бұған дейін Өскеменде Өскеменде 2 қабатты ағаш үй өртенгенін хабарлаған болатынбыз.
17:40, 26 Қазан 2018
Өскеменде ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Кеше кешкісін Өскемендегі көпқабатты үйдің терезесінен ер адам құлап түсті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне аймақтың полиция департаментінен хабарланды.