Оқиға 18 қыркүйек күні таң ата Космическая көшесінде болған. Күдіктің қаланың 42 жастағы тұрғынын пышақпен жарақаттаған. Ауыр қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды.
«Қылмыстық полиция қызметкерлерінің сауатты жоспарлаған іздестіру жұмыстарынының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Ол бұрын қылмыстық жауапқа тартылған азамат болып шықты» - деді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимов.
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 тармағы 1 тармақшасына сәйкес (Кісі өлтіруге оқталу), сотқа дейінгі тергеу басталды.