Өскеменде ер адам төртінші қабаттан құлап кетті
14:05, 06 Желтоқсан 2023
Өскемен қаласында төртінші қабаттан құлап кеткен ер адам аман қалды, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиға Жібек маталар комбинаты ықшам ауданында болған. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан адам құлап кетті.
«34 жастағы ер адам бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына құлаған. Сол жерге құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Зардап шегушіні шатырдан түсіріп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылған», - делінген ақпаратта.
Алдын ала дерек бойынша ер адам шатырдан өзі секірмеген. Терезеден еңкейіп қарағанда абайсызда құлап кеткен.