Өскеменде геодезистер бас қосады

ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Халықаралық геодезистер федерациясының өкілдері бүгін Өскеменде бас қосады. Олар «Табиғи ресурстарды басқару үшін геокеңестік мәліметтерін жинаудың және оларды өңдеудің инновациялық технологиялары» деген тақырыпта өтетін халықаралық конференцияға қатысады.

Халықаралық геодезистер федерациясы, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі, Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті және Сібір мемлекеттік геодезиялық академиясы алғаш рет Қазақстанда осындай конференция ұйымдастырып отыр. Өскемен кездесуіне қатысушылар жерді пайдаланудың тұтас әдістерін талдап жасау жөніндегі проблемаларды талқылайды.

Халықаралық геодезистер федерациясына бүгінде әлемнің 100 елінен 350 мыңнан астам геодезист кіреді және ол бүгінде жер мәселелері бойынша көшбасшы дүниежүзілік ұйым болып табылады.