Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Фото: Фото: ШҚО полиция департаменті

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген.

- Соның нәтижесінде Өскемен қаласындағы қонақүйлердің бірінде шетел азаматы ұсталды. Ол 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сонымен қатар оны іздестіруді бастаған елге экстрадициялауды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Еске салсақ, осыған дейін полиция Батыс Қазақстандағы жарылысқа қатысты түсінік бергені хабарланған.