Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, халық санағынан онлайн форматта өткендер ұтыс ойынына қатыса алады. Олардың тұрмыстық техника мен ұялы телефон ұтып алуларына мүмкіндік бар.
«Ұтыс ойынына қатысу үшін sanaq.gov.kz сайтынан 21-30 қазан аралығында санақ сұрақтарына жауап беру керек. Содан соң санақтан өткендігін растайтын хабарлама нөмірі болуы тиіс. Ойын 20 қарашада әкімдіктің Instagram-дағы akimatoskemen парақшасында өтеді», - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде вакцина алғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылғанын хабарлаған болатынбыз.