«7 керемет» атты фестиваль жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатыр. Соның аясында балалар түрлі бояулармен асфальтқа сурет салып, мультфильм кейіпкерлерімен спорттық ойындар ойнап, караоке batle-ға қатысып, квест шешті.
Келушілер концерт тамашалап, сайқымазақтармен ойын алаңында көңіл көтерді. Бұдан бөлек, балаларға дастархан жайылып, балмұздақ таратылды.
«Саябақ аумағы 7 алаңға бөлініп, әр жерде қызықты шаралар ұйымдастырылды. Жалпы тек Өскеменде ғана емес, бұл күні облыстың түкпір-түкпірінде балаларға арналған шаралар өткізіліп жатыр. Аймақ бойынша 180 мыңнан астам бала қамтылады деп жоспарланып отыр», - деді ШҚО Білім басқармасының бас маманы Қанат Оралбек.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 564 оқушы «Алтын белгіге» үміткер екендігін хабарлаған едік.
Ашық көздерден алынған фото