Өскеменде хоккейші Талғат Жайлауовтың аса үлкен портреті орнатылды
12:06, 31 Шілде 2017
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Алматылық стрит-арт суретшілерінің шығармашылық ұжымы Өскемен қаласындағы аса үлкен портреттің жұмысын аяқтады.
Онда көрнекті хоккейші Талғат Жайлауовтың суреті бейнеленген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Торпедо» командасының Өскемен қаласы келбетінің ажырамас бөлігі екендігі баршаға аян.
Қала әкімдігінде мәлім етілгендей, алматылық суретшілер қала тұрғындары үшін тағы бір тосын сый жеткізбек. Алайда, оның қай жерге орналастырылатындығы әзірге құпия.
Айта кетейік, Талғат Жайлауов 2005-2007 жылдардағы Қазақстан, 2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы және 2007 жылғы Азия ойындарының күміс жүлде иегері.