Өскеменде хор өнері бойынша бірінші семинар ашылады

None
ӨСКЕМЕН. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде хор өнеріне арналған облыстық семинар өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Күтіліп отырғандай, семинар барысында «Шығыс Қазақстандағы хор өнерінің қалыптасуы мен дамуы проблемалары» тақырыбында конференция өткізіледі. Іс-шара аясында хор өнерінің қазіргі заманғы әдістемелері: еңбек нарығындағы музыкалық оқу орындары түлектерінің бәсекеге тәуелділігі мен жұмыспен қамтылуы мәселелерін талқыға салу жоспарланып отыр.