ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының орталығында иесіз есек көше кезіп жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желілерде жол бойында кетіп бара жатқан есектің видеосы тарап кетті. Жануар жүйткіген көліктердің арасында сескенбей, жайбарақат жүрген.
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есектің иесі іздестірілуде. Есек Өскемен қалалық ПБ ППБ кавалериялық взводының атқорасына қамалды.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.