Өскеменде КамАЗ-ға соғылған жеңіл көліктің жолаушысы көз жұмды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында КамАЗ-ға соғылған жеңіл көліктегі жолаушы оқиға орнында қаза болды.
Фото: ШҚО Полиция департамент
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 20 маусым күні кешкі уақытта Жібек маталар комбинаты ықшам ауданында болған.
«Сағат 20.00 шамасында Есенберлин даңғылындағы теміржол көпірі маңында «КамАЗ» және «Geely» маркалы автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан жеңіл көлік жолаушысы сол жерде қаза болды. Түрлі дене жарақаттары алған жүргізуші медициналық мекемеге жатқызылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.