Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қос қаладағы мектептердің бірінші ауысымындағы 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылған.
Мұндай ақпаратты департамент білім басқармасына сілтемей жасай отырып таратты.
Қазір Өскемен қаласында қардың соңы ақ-түтек боранға ұласты. Бір күн бұрын ғана «ҚазГидромет» мекемесі 18 сәуір күні өңірде қар жауып, тұман түсіп, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м\с болатынын ескерткен болатын.