16 сәуірден бастап коронавирус инфекциясының таралуын бәсеңдету мақсатында Шығыс Қазақстан аумағында карантин енгізілген болатын. Алайда тұрғындар арасында бекітілген шектеулерді сақтамайтындар кездесуде. Тәртіп сақшылары 20-22 сәуір аралығында рейд жүргізіп, заңды аттағандарды анықтады.
«3 күн ішінде 102 адам карантин режимін бұзған. Оның 69-ына ескерту жасалса, 19-ына айыппұл салынып, 14 адам әкімшілік қамаққа алынды», - делінген ШҚО ақпарат орталығы таратқан мәліметте.
Сондай-ақ Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ешқандай рұқсат қағазынсыз мас күйінде көшеде жүрген ер адамның ісі қаралған. Ол осыған дейін де бірнеше рет әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген.
Сот шешімімен қала тұрғыны 3 тәулікке қамалды.