Өскеменде кәсіпкерлерге көмек көрсететін орталық ашылады

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде Кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығын ашу жоспарлануда. Бұл туралы ҚазАқпарат ШҚО әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий орталық ашу қажеттілігі баяғыда туындағанын айтты. Кәсіпкерлер құжаттарды келісімдеп, мәселелерді шешу үшін әр мекеменің есігін қағуға мәжбүр. Егер орталық ашылса, біраз түйткілдер бір жерде шешімін табар еді.

Өңір әкімі Даниал Ахметов орталық ашу идеясын қолдап, оның жұмысын егжей-тегжей ойластыруды тапсырды.

«Заңгерлік консультация міндетті түрде қолжетімді болуы тиіс. Кредиттік бағдарламалар бойынша ақпарат беру қажет. Кәсіпкерлер жиі байланысатын ұйым өкілдері орталықта бизнесмендерді қабылдауы тиіс, - деп атап өтті ол.