Өскеменде Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясы өтеді
11:49, 27 Сәуір 2013
ӨСКЕМЕН. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясы басталады.
Оның жұмысына ҚХА Төрағасының орынбасары- Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов қатысады деп күтілуде.
Сессия жұмысының соңында этноауылдың сол жағалауындағы кешенде «Бір шаңырақ астында» фестивалінің шымылдығы ашылмақ. Оның аясында аймақтың жастары көпшіліктің назарына этно-фьюжн үлгісіндегі концерттерін ұсынады.