Өскеменде Қазақстанның дзюдодан жастар чемпионаты өтіп жатыр

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 жасқа дейінгі дзюдошылардың арасындағы әлем чемпионаты әлем чемпионы Талғат Ақтаевты еске алудың ажырамас бөлігіне айналды.

Бұған дейін бұл азаматтың құрметіне републикалық жарыс өткізілген. Осы жолы жарыс ел чемпионатының аясында өтіп жатыр, деп жазады sports.kz.

Өскемен қаласына еліміздің 213 жас дзюдошысы келді. Жарыстың бірінші күнінде чемпиондық атақтар үшін жеңіл салмақ дәрежесіндегілер бақ таластырды.

Құрамында 13 спортшы бар ШҚО құрамасының қанжығасында қазіргі кезде бір алтын, бір күміс және үш қола медаль бар. Қазіргі кезде жалғыз чемпиондық атақ 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шыққан Анна Казюлинада. Ақтық кезеңде ол Ақтөбе облысының спортшысы Бақыт Құсақбаеваны жеңді.

21 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ерсін Сейтқазинов елдің вице-чемпионы атанды.

Шешуші айқаста ол павлодарлық Серік Сәлменовтен ұтылды. Тағы үш қола медальді Миран Рамазанов (60 келіге дейін), Төлеген Нұрғалиев (66 келіге дейін) және Эльдар Бейсембаев (73 келіге дейін) жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар