Өскеменде кір көтеру спортынан және армрестлингтен ҚР чемпионаты басталды
18:15, 16 Наурыз 2013
ӨСКЕМЕН. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Өскеменде кір көтеру спортынан және қол күресінен жеткіншектер, юниорлар, жастар және ардагерлер арасында Қазақстан чемпионаты басталды.
Бүгін жарыстар кір көтеру спортынан басталды. Ал 18 және 19 наурыз күндері чемпионат «Олимпиец» спорт кешенінде армрестлингтен жалғасады.
Чемпионат басталар алдында облыстық спорт басқармасынан атап өткендей, әлемнің 70 елі арасында армрестлингтен Қазақстан құрамасы екінші орында. Бүгінде елімізде спорттың бұл түрімен 7 мыңнан астам қол күресшісі айналысады. Олардың қатары үнемі толығу үстінде.