Өскеменде көктайғақтан 100-ден астам адам зардап шекті

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында бір күнде көктайғақтан 100-ден астам адам зардап шекті. 

Кеше № 4 қалалық аурухананың жарақат бөліміне жалпы саны 162 адам түскен. Оның ішіндегі 32-сі үйде, ал 130-ы көшеде жарақат алған.

— Көктайғақтан құлаған 70-тен астам адамның сүйегі сынса, қалғанының денесі көгерген немесе буыны шыққан. Зардап шеккен адам санының көптігіне байланысты бұл күні жұмысқа қосымша 3 дәрігер тартылды. Дәрі-дәрмек пен қажетті құрал-жабдық қоры жеткілікті, — деп хабарлады медициналық мекемеден.

Ал бүгін бөлімшеде екі маман жұмыс істеп жатыр. Түске дейін 50-ге жуық адам медициналық көмек сұрап келген.

Осы ретте, дәрігерлер тұрғындарда көктайғақ кезінде барынша абай болуға шақырды. Егер құлап, жарақат алып қалған жағдайда бірден медицина қызметкерлеріне қаралу керек. Әйтпесе жарақат асқынып кетуі мүмкін.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан көшелері мен жолдары толассыз жауған қардан тазаланып жатқаны хабарланған