Өскеменнің ШмелевЛог кенті ауданындағы қоқыс төгетін орында аса ірі өрт 11 тамыз күні кешкілікуақытта басталған. Жалын шарпыған аумақ 1 гектарды құрады.
«Бес күніннен кейінТөтенше жағдайлар басқармасы қалалық қоқыс полигонындағы өрт толығымен сөндірілгенінмәлім еткен еді. Алайда, қала ішінде түтін мен жағымсыз иіс әлі де сақталып тұр»,- деп жазады сайт.
Бүгінде полигондағыжұмыстар жалғасуда.
Төтенше жағдайларқызметінен мәлім еткендей, «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС өрт болған ауданда әліде жұмыс істеп жатыр. «Өрт қалдықтарын толықтай ауыздықтау үшін 2 өрт сөндірутехникасы, 1 жүк көлігі және бульдозер жұмылдырылды», - деді ведомстводан.