Қала әкімдігі қоқыс жағатын зауыт салу жоспарынан бас тартты. Ал қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
«Қоқысты сұрыптау зауытын іске қосу қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталды. Сондай-ақ қала сыртында қатты тұрмыстық қалдықтар сақтайтын жаңа полигонды жайластыру жобасы да іске асырылады. Бұл полигон тұрғын аймақтардан жырақта болып қана қоймай, бұрынғыға қарағанда әлдеқайда экологиялық таза болады», - дейді шаһар басшысы Жақсылық Омар.
Оның айтуынша, құрылыс аяқталғаннан кейін шамамен 2024 жылы Шмелев Лог кенті маңындағы ескі қоқыс орны жабылып, аумақ қалпына келтіріледі.