ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында көлік аялдама павильонына соғылып, 1 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 15 тамызда Карбышев көшесінде болған.
«ВАЗ автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, аялдамаға соғылды. Павильон әйел адамның үстіне құлаған. Дене жарақатын алған жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Ал көлік жүргізушісі оқиға орнынан із суытқан», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жүргізушіні іздестіріп жатыр. Ол жол-көлік оқиғасына кінәлі болғаны және сол жерден кетіп қалғаны үшін жауапқа тартылмақ.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.