Еске сала кетейік, 14 сәуір күні Гагарин бульварында жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан 36 жастағы әйел мен оның 10 жасар баласын қағып кеткен болатын. Олардың денсаулығына ауыр зиян келген. Жарақат салдарынан бүгін бала қайтыс болды.
«Бала өте ауыр жағдайда жеткізілді. Көп жері сынған, басы жарақаттанған еді. Науқас комадан көз ашқан жоқ. Ана мен бала орталығының дәрігерлері астанадағы Нейрохирургия орталығындағы әріптестерімен кеңесіп отырды. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасады», - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.