Қала прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, көлікті кәмелеттік жасқа толмаған бозбала басқарған.
- Алдын ала дерек бойынша ол жеңіл автокөлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан автокөлік жол жиегіндегі бөгетке соғылып, аударылып түсіп, кейіннен өртеніп кеткен, - делінген ақпаратта.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлікте болған екі жасөспірім жолаушы көз жұмды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салсақ, осыған дейін Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, 7 адам көз жұмғаны хабарланған.