Өскеменде көпқабатты үйдегі өрт кезінде 15 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде өрт шыққан пәтерден ауруханаға 76 жастағы зейнеткер жеткізілді.

Өрт сөндіруші қызметкерлер иіс тиіп уланған ер адамды қаланың орталығында орналасқан тоғыз қабатты үйдің үшінші қабатындағы бір бөлмелі үйде жалынды өшіру кезінде тапқан. Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен. Ер адамның бетін, мойынын, арқасын, қолын, тыныс жолдарын І, ІІ, ІІІ А және В дәрежелі (денесінің 18 пайызы) күйіктер шалған. Өрт сөндірушілердің оқиға орнына келген кезде бөлмеаралық есік, жиһаз, жеке заттар өртеніп жатқан. Көпқабатты үйден шамамен 15 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрттің шығу салдары анықталуда.

Соңғы жаңалықтар