Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін Новорабочая көшесіндегі тұрғын үйдің 2-ші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Қызыл жалын есіктің ағаш құрылымдары мен қабырғаны шарпыды.
«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар бірінші кезекте 15 тұрғынды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады. Көп ұзамай тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрттің шығуына - электр жабдықтарын пайдалану және монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзбау қажеттігін ескертеді. Өрт болған жағдайда дереу «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласу керек.