Бірінші кезекте құтқарушылар түтін аймағынан 12 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Пәтерде жиһаз бен жеке заттар жанған. Өрт сөндірушілер 2 шаршы метр алаңда отты жедел түрде өшірді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 16 адам және 6 техника тартылды. Пәтерден өрт сөндірушілер 1970 жылы туған ер адамды алып шықты, оған құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жедел жәрдем келген бойда термиялық күйік алған зардап шегуші медициналық мекемеге емдеуге жатқызу үшін дәрігерлерге тапсырылды.
ШҚО ТЖД Өрт сөндіру зерттеу сынақ зертханасы мамандарының деректері бойынша келеңсіз жағдайға ер адамның төсекте темекі шегуі себеп болған.