Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда шаһар бойынша 26 вакцинация пункті жұмыс істейді. Аталған пункттерде жұртшылыққа жұқпалы дертке қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынуда.
«Вакцинация пункттерінің мекенжайлары: №1 емхана (Әуезов даңғылы, 18), №1 емхана (Потанин к-сі, 4), №2 қалалық емхана (Буров к-сі, 61, Островский к-сі, 42, Бажова к-сі, 343/3, Дружба к-сі, 1/1), «Денсаулық» дәрігерлік амбулаториясы (Буров көшесі, 53), №1 Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы (М. Горький көшесі, 11а - Меновное ауылы), Жаңа Ахмер көшесі, 5, Садовая көшесі, 15, Ахмер ауылы, Қойшыбаев көшесі, Самсоновка ауылы (фельдшерлік-акушерлік пункт), Сол жағалаудағы емхана (Қ. Сәтпаев даңғылы, 34/1), Өтепов көшесі, 1/1 (емшара бөлмесі), Б.Шаяхметов атындағы медициналық орталық (Согринская көшесі, 223/8), «Авиценна» отбасылық денсаулық орталығы (Белинский к-сі, 36), № 3 ОДО (Белинский көшесі, 36), «ВИТА-1» ЖШС (Шәкәрім даңғылы, 156), №7 ОДО Грузинская көшесі, 3, 1-ғимарат), ОДО МСБ-2 (Серікбаев к-сі, 1/3), Амбулаториялық-емханалық орталық (Абай даңғылы, 18), Ана мен бала орталығы (Өтепов к-сі, 37, Қазыбек би даңғылы, 11, Потанин к-сі, 8), Защита теміржол ауруханасы (Тынышпаев к-сі, 133)», - делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта қала бойынша қосымша вакцинация пункттерін кәсіпорындар мен сауда орталықтарында ашу жоспарланған.