Оқиғаның куәгерлері ауыр жағдайдағы итті ветеринарлық клиникаға жеткізген. Иттің бес күшігі бар екендігі белгілі болды. Оларды қазір қала тұрғындарының бірі асырап алған.
Тұрғындар полиция шақырып, ер адам ұсталды.
- ҚР Қылмыстық Кодексінің 316-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады. Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Итке ветеринарлық қызметкерлер қажетті көмекті көрсетіп жатыр, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, заң бойынша жануарларға қатыгездік танытқандарға 120 АЕК-ке (479 040 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салынып, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылып, не болмаса 30 күнге қамауға алу жазасы тағайындалады.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде бір аптада 9 адамды ит қапқаны жайлы жазғанбыз.