Бұл туралы Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Сексенова хабарлады.
«ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тарихи тұрғыда ескірген көшелердің атауын өзгерту туралы кеңесіне сәйкес, қала тұрғындарынан түсіп жатқан ұсыныстар қаралу үстінде. Бірақ, қазіргі уақытта тек процестің талқылау кезеңі мен құжаттарды зерттеу жұмысы ғана өтіп жатыр», - дейді Әсем Сексенова.
Ал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бұл процестің барлығы ашық түрде өтетінін мәлім етті.
«Барлық ұсыныстар қалалық мәслихатқа түсіп, бір ай бұрын БАҚ-та жарияланатын болады. Ешқандай шудың керегі жоқ. Барлығы ашық түрде өтіп, көшелердің атауын өзгерту туралы ұсыныс қала тұрғындарымен бірге талқыланатын болады», - дейді қалалық мәдениет бөлімі басшысының орынбасары Бақытжан Сағынқызы.
Ал бұған дейін біршама дүрбелең туғызған «Колхозная» көшесін «Ақсу» деп өзгерту туралы шешімді жұмыс тобы қолдамаған.