АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында құбырдың жарылуынан 2 мыңға жуық тұрғын үй сусыз қалды. Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Апат Керамика зауыты ауданында орын алып, әбден тозығы жеткен даметрі 400 мм. су құбыры жарылған. «Нәтижесінде Защита ауылының шамамен 2000 абоненті сусыз қалды», делінген хабарламада.
Төтенше жағдайдың алдын алуға «Өскемен қалалық су арнасы» мекемесінің 8 маманы мен 5 техникасы жұмылдырылды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.