Өскеменде күн суып кеткендіктен жылуды өшіру кейінге шегерілді

Фото: Фото: Kazinform

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында жылыту маусымы 22 сәуірге дейін созылатын болды.

Өскеменде осы аптада жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды деп жоспарланған болатын. Бірақ кешелі бері қалада күн суытып кетті. 

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері күндіз ауа температурасы 13 градусқа дейін суытуы мүмкін. 

— Жылу беруді кезең-кезеңмен тоқтату 16 басталады деп күтілген. Алайда ауа райы жағдайының өзгеруіне байланысты жылыту маусымы 22 сәуірге дейін созылатын болды, деп хабарлады «Шығыс Жылу» ЖШС баспасөз қызметінен. 

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда жылу жүйесін цифрландыру 2026 жылға дейін аяқталатындығы жайлы жазғанбыз.