ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында күшіктерді балталаған ер адамға қатысты полиция тергеу амалдарын басталды.
Әлеуметтік желіде ер адам күшіктерді балталап жатқан видео тарады. Осыған орай ШҚО Полиция департаменті тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.
«Тарап жатқан видеодағы азаматтың анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлаймыз. Ол 56 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ер адам психологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепке алынбаған», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.