Өскеменде мас күйде рульге отырған әйел тұрақтағы 4 бірдей көлікті соқты

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында мас күйде рульге отырған әйел тұрақта тұрған 4 бірдей көлікті соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қаладағы Есенберлин даңғылында болған. Мас күйде «ВАЗ 21703» автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы әйел рульге ие бола алмай қалып, тұрақта тұрған 4 бірдей көлікті соқты. https://www.instagram.com/p/CwuS47YrSMbzJcJFyt63cJDUImaGJDJRqs7eGU0/

«Оның бұл көлікті айдауға құқығы да жоқ болып шықты. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігімен (көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген ақпаратта.

Енді әйел адам жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.