Өскеменде мереке күндері 2 автобус өртеніп, бір адам көз жұмды
10:05, 04 Қаңтар 2012
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Өскеменде мереке күндері қатарынан екі автобус жанып кетті. Олардың біреуінен 25 жасар ер адамның мәйіті табылды,
деп хабарлады Шығыс Қазақстан бойынша ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылардың берген мәліметіне қарағанда, жаңа жыл мерекесінің 3 күнінде Шығыс Қазақстан облысында өрттің салдарынан 5 адам қаза тапқан.
«ШҚО-да 3 күннің ішінде өрттің салдарынан 5 адам көз жұмды. Өрт отты дұрыс қолданбағандықтан болып отыр», - деп хабарлады ТЖД.