Өскеменде мерекелік шеру болып өтті

None
ӨСКЕМЕН. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменнің Республика алаңында еңбек ұжымдары мен студенттер қатысқан мерекелік шеру болып өтті. Оған 50 кәсіпорыннан 15 мыңнан астам өскемендіктер қатысты.

Қала бүгін екі бірдей мерекені - Конституция күнін және Қала күнін атап өтуде.

Бүгінгі күн 60-тан астам мерекелік іс-шараларға толы. Кешке  мерекелік отшашу болмақшы.