ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында мейрамханада шыққан өрт ауыздықталды.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан көшесінде жеке тұрған бір қабатты мейрамхана өртенген. Хабар түсе салысымен өрт сөндірушілер оқиға болған жерге шұғыл барды.
«Сағат 06.53-те оқшауланған тілсіз жау 07.49-те толықтай сөндірілді. Зардап шеккен ешім жоқ. Өртпен күреске ТЖД жеке құрамынан 35 адам және 9 техника жұмылдырылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Әзірге оттың неден шыққан белгісіз. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.