Өскеменде «MinTech-2015» халықаралық көрмесі ашылды
16:30, 20 Мамыр 2015
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде 22 мамырға дейін жалғасатын «KAZEXPO» аясында «MinTech-2015» тау-кен, металлургиялық, энергетикалық өнеркәсіп жабдықтары мен технологияларының 17-ші халықаралық көрмесі өтті.
Биыл көрмеге Қазақстан, Ресей, Германия, Жапония, АҚШ, Швеция, Швейцария, Түркиядан 50-ден астам компаниялар қатысуда.
Ертең көрменің негізгі күні «Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау - тау-кен-металлургиялық кешенді дамытудың негізгі мәселелері» атты IX халықаралық конференциясы және «Материал жүргізу және наноматериалдар үшін перспективалық технологиялар, жабдықтар мен талдау жүйелері халықаралық қазақстандық-ресейлік-жапондық ғылыми конференция» жұмысы ашылады. Көрме жұмысымен қатар қатысушылар түрлі тақырыпта семинарлар өткізеді.
Қалыптасқан дәстүр бойынша оның қатысушылары формуның соңғы күні қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарына барып, онда өндірістік процестермен танысып, мамандармен әңгімелеседі.