Қалалық Жолаушылар тасымалын басқару орталығының мәліметіне сүйенсек, Наурыз мейрамында 18 жасқа толмаған балалар автобустарда, шағын автобустар мен трамвайларда еш ақысыз тасымалданады. Акция 42 қалалық бағыттағы қоғамдық көліктерде жүреді.
«Атап айтқанда, №10, 5, 12, 17, 33, 42, 53, 67, 351, 71, 7, 27, 38, 47, 3, 13, 14, 24, 46, 58, 60, 352, 356, 2, 6, 6Б автобустары, №261, 262, 357, 224, 250, 256, 228, 229, 230, 246, 253, 255, 260, 260А шағын автобустары балалар үшін тегін қатынайды. Сондай-ақ №1, 3 және 4 бағыттағы трамвайлар кәмелеттік жасқа толмаған жолаушылардан ақы алмайды», - делінген ақпаратта.