Беларустық студенттер қазақстандық жастармен бірге Өскемен қаласының жанындағы ауылда «Нұрлы көш» бағдарламасының аясында салынып жатқан бала бақшаның құрылысына ат салысу үшін келген.
Мұндай жоба осы жылдың ақпанында Шығыс Қазақстан облысы билігі мен Беларустың Могилев облысы арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандумның аясында жүзеге асып отыр.