Өскеменде облыс жастарының ІХ форумы ашылды

None
ӨСКЕМЕН.  Желтоқсанның  22-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ -   Бүгін  Өскеменде     Шығыс  Қазақстан   облысы   жастарының ІХ  форумы   басталды.     Бұл    форумға  қатысу  үшін      аймақтың барлық   түкпірінен    жастар бірлестіктерінің 300-ден астам өкілі  келіп   отыр.

Аймақтың  атқарушы  биліктің басшылары қатысқан  ашылу  рәсімінен  кейін, форумның  жұмысы секцияларда  жалғасты.   Секциялық   кездесулер  «Алтай»  технопаркінің  залдарында:  «Жастар  мен  студенттік бастамаларды    ілгерілету   тетіктері»,   «Мемлекеттік жастар  саясатын  жүзеге асырудағы жұмысшы жастардың  ролі»,  «Жас  мамандарды  ауылға  тартудың  тетіктері.  «Дипломмен  ауылға»  жобасы»,  «Этномәдени диалог  мектебі»    деген тақырыптар бойынша өтуде.