Кешкі уақытта болған ғимараттағы өрттің салдарынан 50 шаршы метр аймақ жанып кеткен.
Оқушылар сарайы директорының мәліметінше, өртке электр сымдарының қысқа толқынды тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Өрт сөндірушілер дереу іске кірісіп, тілсіз жау тез арада ауыздықталды. Алайда, мекеме директоры Галина Асташкиноның айтуынша, бөлме және өртенген техникаларды қалпына келтіруге шамамен миллион теңге жұмсалады.